KZNEWS.KZ
Спорт

Шавкат Рахмоновтың жұбайы қайын сіңлісіне ескерту жасады

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайы әлеуметтік желіде қайынсіңілісі Сора Рахмоноваға қарата жазба жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Желіде тараған стористе ол эмоциясын жасыра алмай, қызының видеосына қатысты нақты талап қойған. Айтуынша, отбасыға қатысты жеке материалдарды жариялау дұрыс емес.

«@sora_rakhmonova, қызымның видеосын парақшаңнан өшір! Бәрің жабылып балаларымды әкесіз қалдырдыңдар, енді жақсы көріп қалғандай болдыңдар ма? Бізден барынша аулақ жүріңдер», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова бұрынғы күйеуі, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен ажырасуына себеп болған жайттарды ашық айтып, журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берген болатын.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →