KZNews.kz
Спорт

Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайы қалай

Торғын Абушахман
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров шәкірті Шавкат Рахмоновтың физикалық және психологиялық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бапкердің сөзінше, спортшының жалпы жағдайы қалыпты, алайда әзірге жаттығуға рұқсат берілмеген.

    – Шавкаттың физикалық және эмоциялық жағдайы қалыпты. Бірақ ол әзірге мүлде жаттыға алмайды. Қазір тек аяғын емдеумен айналысып жатыр. Қалпына келтіру процедуралары мен реабилитациядан өтуде. Қандай да бір жаттығу процесіне қатысуға әзірге ұсыныс жоқ, – деді Эдуард Базров.

Қаңтар айының соңында Шавкатқа тізесіне тағы бір операция жасалғаны белгілі болды. Соған байланысты оның октагонға оралу мерзімі тағы 10 айға шегерілді.

Қазіргі таңда Рахмоновтың жекпе-жексіз жүрген уақыты 1 жыл 2 айды құрайды.

Ал ықтимал оралу сәтіне дейін бұл мерзім шамамен екі жылға жуықтайды.

Еске салайық, Шавкаттың соңғы жекпе-жегі 2024 жылғы желтоқсанда өтті. Ол кезде қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен Иэн Гэрриді жеңген болатын. Қазіргі уақытта Шавкат UFC рейтингінен уақытша шығарылған.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →