«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шавкат Рахмоновтың әкесі өмірден озды

Шавкат Рахмоновтың әкесі өмірден озды
Фото: UFC

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Рахманұлы Алпамысов дүниеден өтті. Қаралы хабарды спортшының қарындасы Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жақындарының айтуынша, марқұмның рухына бағышталған Құран асы 13 тамыз күні сағат 18:00-де беріледі. Осыған байланысты Бақтыбай Рахманұлының туған-туыстары, достары мен жақындарын дұғаға шақырды.

«Қатысуларыңыз – марқұмның рухына дұға, біздерге үлкен қолдау. Алла Тағала қабыл етсін! Әмин», – деп жазды Сора Рахмонова.

Бақтыбай Рахманұлы – әлемдік аренада өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың әкесі. Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жек спортында ел намысын қорғап, өзінің шеберлігімен қазақстандық жанкүйерлерге кеңінен танылған спортшылардың бірі.

Марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Алла алдынан жарылқап, иманы саламат болсын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.