«Ақылды протекционизм»: сарапшылар Бектенов үкіметінің отандық өндірісті қолдау саясатын бағалады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болды: еліміздегі ең танымал файтердің отбасында қайғылы жағдай

Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болды: еліміздегі ең танымал файтердің отбасында қайғылы жағдай
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде UFC-дегі ең танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Рахмоновтың әкесінің дүниеден өткені туралы хабарлама 9 тамызда пайда болды - қазақстандық бірқатар БАҚ бейсенбіде Қарағандыда Алпамысов Бақтыбай Рахманұлының рухына бағыштап ас берілетінін хабарлады.

Сондай-ақ қаралы хабар шетелдік басылымдарда жариялана бастады.

Шавкаттың әкесінен айырылғанына біраз уақыт болғаны анықталды - ол 2 тамызда 66 жасқа қараған шағында көз жұмған.

"Иә, бұл рас. Әрине, бұлай болғаны өкінішті, бірақ бәріміз пендеміз, бәріміздің келетін де, кететін де уақытымыз бар. Шавкаттың әкесі дүниеден озды, жерлеу рәсімі өтті", - деп растады Tengri Sport тілшісіне Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов әлеуметтік желілерде әкесінің қазасына қатысты ешқандай ақпарат жариялаған жоқ.

Шавкат Рахмонов өміріндегі ең ауыр кезеңге тап болды

Еске сала кетейік, қазақстандық танымал MMA файтері 2024 жылдың 8 желтоқсанында өткен UFC 310 турнирінен бері жекпе-жекке шықпаған болатын. Ол кезде ол төрешілер шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген еді.

Содан бері Шавкатты жарақаттар мазалап, октагонға қайта оралуына кедергі болып келеді. Алайда кейінгі мәліметтерге сәйкес, Рахмонов келесі жекпе-жегін UFC-де 2027 жылдың басында өткізуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, Шавкаттың жұбайы Гүлайым Рахмонова Жамбыл облысындағы адам өліміне әкеп соққан жол апатынан кейін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кішкентай баласын тәрбиелеп отырғандықтан, жазасын өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.