“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Саунадағы фотодан кейін семейлік полицейлер жұмыстан қуылды

Саунадағы фотодан кейін семейлік полицейлер жұмыстан қуылды

Полиция майоры Ришат Сұңғатов пен оның Семей полиция басқармасындағы бірнеше әріптесі қызмет тәртібін бұзғаны үшін лауазымынан босатылды. Оған тәртіп сақшыларының саунада түскен фотосуреті себеп болды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді.

"Тексеріс нәтижесі бойынша Орталық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ришат Сұңғатов қызмет тәртібін бұзғаны үшін лауазымынан босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Полиция басқармасы мен Семей орталық полиция бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметтік міндетін адал атқармағаны және жеке құрамға бақылау жасамағаны үшін қызметінен босатылды", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Монша кешенінде болған полиция қызметкерлері санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, тиісті материалдар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді.

Автор
Нұрсұлтан