77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Шашынан сүйреп, төсекке лақтырған": Павлодарда балабақша тәрбиешісі 4,5 жылға сотталды

"Шашынан сүйреп, төсекке лақтырған": Павлодарда балабақша тәрбиешісі 4,5 жылға сотталды
Видеодан алынған кадр

Павлодарда бүлдіршіндерге күш көрсетіп, соққыға жықты деген айып тағылған балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот 33 жастағы әйелді кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Алайда үш кішкентай баласының болуына байланысты жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, жағдай былтыр жазда болған. Балабақша қызметкері балалардың шашынан сүйреп, төмпештеген. Салдарынан үшеуі дене жарақатын алған.

"Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі және 110-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жұлдыз Қамалова.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.