Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сарыағашта "дүмше" молда 19 баланы сүре жаттамағаны ұрып-соққан

Сарыағашта "дүмше" молда 19 баланы сүре жаттамағаны ұрып-соққан

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында діни білім алмақ болған 19 бала 39 жастағы молданың тепкісіне үш ай бойы төзіп келген. Бұл туралы белсенді Жан Ахмадиев желідегі жазбасында жазды. 

Жазбаға сүйенсек, ата-аналар осы үшін молдаға 20 мың теңге қаражат төлеп келген.

"Сарыағаш қаласының 39 жасар тұрғыны 19 балаға діни ағымда сабақтар өткізген. Ол оқу барысында, сүре жаттамаған жасөспірімдері аямай соққыға жығыпты. Бір қызығы, осындай сабақ үшін оқушылардың ата-аналары “жауыз-ұстазға” 20 000 теңге берген екен" деп жазды "Жан Ахмадиев.

Видеода балалар үш ай бойы таяқ жегендерін айтып, денелеріндегі жарақаттарын көрсетеді. Бұл қылығына молда:

"Ашуланған кезде соққылар кетіп қалатын. Шыбықпен ұратынмын" деп жауап берді.

Автор
Нұрсұлтан