Сарматтар мемлекеттілігінің пайда болуы
1. Сарматтар мемлекеттілігі.
2. Қоғамдық құрлысы.
Батыс Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары, оларды негізгі қазба жүмыстары жүргізілген жердің атымен (Прохоров және Суслов мәдениеті) екі кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезең-б.з.б. ҮІІ-Ү ғғ., ал екінші кезең-б.з.б. ІҮ-ІІ ғғ. қамтиды. Археологиялық казба зерттеулері бойынша бірінші кезең ежелгі сарматтар атымен белгілі болса, екінші жазба деректер негізінде кейінгі сарматтар кезеңі деп аталған. Олар өздерінің осы атауларымен б.з. IV ғасырына дейін белгілі болған.
Сарматтардың қоғамдық құрылымы
Б.з.б. ІІІ ғасырдан бастап сарматтар Қара теңіз жағалауындағы скифтерге қарсы жаулап алу соғыстарын жүргізеді. Олар Скифияның едәуір бөлігін басып алып, жеңілгендердің бірінде қалдырмай қырып-жойып отырған. Сөйтіп, елдің басым бөлігін шөлге айналдырған. Сарматтардың басты бір тайпасы - роксоландар б.з.б. I ғасырында Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Олардың ізімен аландар жүріп отырған.
Сарматтар өздері басып алған жерлердегі халықтардының саяси өміріне белсене қатысқан. Мысалы, б.з.б. 2-ші ғасырдың соңғы кезінде Понтия патшасы Митридатпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылады. Б.з.б. I ғасырда Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.б. 49-шы жылы римдіктер мен сарматтар тайпасы бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды жеңеді. Басқа тайпаларға қарағанда жорыққа кешірек шыққан аландар Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейінірек олар ғүндарға қосылып, Испаниядан барып шығады. Жалпы атауы сарматтар деп аталатын қандас-туыс бұл тайпалар одағы Оралдың оңтүстік өңірінен шыққан болатын.
Б.з.б. IV ғасырдың бас кезінде сарматтар Доннан Ембіге дейінгі жерлерді алып жатқан. Ал кейінгі сарматтар Орал өңірі мен Еділ бойын, Дон өңірі аймақтарын қамтып, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа түгел тарайды. Уақыты жағынан бұл б.з. ІІ-ІҮ ғ. кезеңі. Кейінгі сарматтар көптеген бұрынғы салт-дәстүрлерді сақтап, оны одан ары жалғастыра түседі. Өлген кісілердің қалың көпшілігі іші көмкерілген тар қабырларға жерленетін болған.
Археологиялық зерттеулер, сондай-ақ Оңтүстік Орал сармат тайпаларының Орта Азия халықтарымен және солар арқылы Таяу шығыс елдерімен бірнеше ғасырлар бойы мәдени-шаруашылық байланыстары болғандығын да көрсетеді. Сарматтар өте ұзақ уақыт бойы, яғни б.з. IV ғасырдың аяғындағы ғүндар шапқыншылығына дейін, сол заманның халықаралық оқиғаларына белсене қатынасып түрған. Кейінірек олар Закавказьенің, Шығыс Еуропаның, Қазақстанның және Орта Азияның көптеген тайпалары мен халықтарының құрамына енген.
Сармат тайпаларының басты кәсібі - көшпелі мал шаруашылығы. Сарматтар көбінесе жылқы мен қой өсірген. Климаты аса қатал континенталды келетін аймақтың қысқы күндерінде малшылар малға табиғи панасы бар, жері ойлы-қырлы аудандарға көшіп отырған. Батыс Қазақстандағы мұндай жерлер оңтүстік пен батыс беттегі ағынсыз өзендері мол шалғынды аймақтар, жалпы сырт сілемдері мен үлкен өзендер алқабы болып табылады. Көшпелілер әдетте ағашы мен бұтасы қалың тоғайлы, қопалы жерлерді таңдап алған. Көктем шығысымен қысқы қоныс өрістерін тастап кетіп отырған. Олар от пен судың, мал азығы қорының қалпына келуіне, сөйтіп ел-жұрттың қайта оралып қыстауына жағдай жасаған. Жалпы алғанда сарматтар шөбі шүйгін жерлерді іріктеп пайдаланып, ол араның шөбі тапталған-нан кейін, жаңа жайылымға көшетін болған. Осының нәтижесінде су көздерінен алыс жатқан жалпақ жазықтағы кең жайылымдар, мал айдап кошіп өткенде ғана болмаса, өте аз пайдаланылған. Осы уақытқа дейін сармат тайпаларының ескерткіштері толық зерттеле қоймаса да, қазылған обалардан алынған материалдар оларда әлеуметтік теңсіздіктің орын алғанын көрсетеді.
Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:
1. Сарматтардың пайда болуынының маңызы.
2. Сармат тайпаларының ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.
2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.
3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.
4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.
5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті.
А., 2002.