KZNews.kz
Қоғам

«Сарбаз бен ата-анасы көз жұмды»: Абай облысында қайғылы жағдай болды

Ayzhan Sylanova

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметіне сүйенсек, жағдайға себеп жол апаты болған.

«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы 2025 жылғы 28 маусымда Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді әскери қызметшісі және оны сейілдемеден әскери бөлімге алып келе жатқан ата-анасы жол апаты салдарынан қаза тапқанын зор күйзеліспен хабарлайды», - деп жазылған хабарламада.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.

«Қаза тапқандардың денесін тұрғылықты жеріне жеткізу үшін әскери борт бөлінді», - деп хабарлады ведомство.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары