Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сара Назарбаева 85 жасында өмірден озды

Сара Назарбаева 85 жасында өмірден озды
aprk.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, Сара Назарбаева 85 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты ORDA порталына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Сара Алпысқызы соңғы апталарда Алматыдағы Президент істері басқармасының медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальда ем алып жатқан. Бүгін алдын ала мәлімет бойынша оның жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылғаны белгілі болды.

Ауруханадағы жағдай

ORDA тілшілері қазір аталған аурухана алдында. Медициналық мекеме аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілген — қақпаның сыртында қатаң киінген ер адамдар мен қосымша күзет қызметкерлері жүр.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күзет күшейтілді», — деді сол жерде жүрген полиция қызметкері.

Бұрын бұл аумақпен еркін жүріп-тұруға болатын еді, қазір өту шектелген. Журналистердің мәліметінше, жаңа қоршаулар қойылған.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан