«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сәпиев пен Есімхановқа қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр – Спорт министрлігі

Сәпиев пен Есімхановқа қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр – Спорт министрлігі
Фото: gov.kz, instagram @daurenesimkhanov

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасындағы резонанс тудырған жанжалға қатысты пікір білдіріп, Қазақстанда спорт саласындағы басшылық қызметтерге неге бұрынғы чемпиондар тағайындалып келе жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде спорт саласында кәсіби әрі мемлекеттік қызметтің барлық кезеңдерінен өткен адамдар еңбек етуде. Журналистің басшыларды тағайындау кезінде тек спорттық жетістіктерді ғана ескеру керек пе деген сұрағына жауап берген Ербол Мырзабосынов, бұл қызметтерге жай ғана спортшылар емес, мемлекеттік басқару органдарында жұмыс тәжірибесі бар мамандар келетінін атап өтті.

«Қарағанды әкімдігіндегі жағдайға келсек, Серік Сәпиев депутат болды, шамамен үш жыл Спорт министрлігінде комитетті басқарды, Ұлттық олимпиада комитетінде жұмыс істеді. Ол — еліміздің олимпиада чемпиондарының бірі. Ол өз туған өңіріне, кіші отанына оралды. Біз оны сол жерге өз тәжірибесімен, кәсіби жолымен бөлісуі үшін жібердік. Оның орынбасары да арнайы критерийлер бойынша іріктеліп, мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өткен», - деді министр.

Ол спорт басқармасының басшылығын жергілікті әкімдік тағайындайтынын атап өтті. Сонымен қатар спорт ведомстволарының жұмысы Олимпиада ойындарына қатысуға алынған лицензиялар саны бойынша бағаланатынын айтты. Мәселен, 2016 жылы Қарағанды облысы 11 лицензия алса, Париждегі Олимпиадаға небәрі үш лицензия ғана алған. Министрдің пікірінше, бұл — өңірлік басқарудың нәтижелілігін көрсететін маңызды көрсеткіш.

Қарағандыдағы жанжалға байланысты тексеріс жүргізіле ме деген сұраққа Ербол Мырзабосынов тексеріс басталып кеткенін, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз бағасын беретінін жеткізді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі