"Алматыда самсадан чип шықты" – дәмхана иелері "цифрландырудан" хабарсыз
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Санаулы күндер": Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы қуанышты хабарын айтты (ВИДЕО)

"Санаулы күндер": Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы қуанышты хабарын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Ермахан Аймахан жұбайы Раушан Құдайбергенге арнап жазылған жаңа романтикалық әнінің үзіндісін жариялап, тыңдарманға ерекше көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жары Раушанмен бірге түскен әсерлі видеоны бөлісті. Бейнежазбада ерлі-зайыпты жаңа әннің әуенімен би билеп, жылы атмосфера қалыптастырады. "Тағдырыма кел" деп аталатын бұл туынды махаббат тақырыбын нәзік жеткізетін лирикалық ән ретінде ұсынылды.

"Санаулы күндерден соң премьера! Әзірге видео түсіріп салсаңыздар, қуанышты боламын", – деп жазды Ермахан Аймахан.

Жарияланған қысқа нұсқа желі қолданушыларының бірден назарын аударып, оң пікірлерге ие болды. Көпшілік әннің сезімге толы әуенін, орындаушының дауысын жоғары бағалап, толық нұсқасын асыға күтетінін жазуда.

Пікір білдіргендер қатарында Димаш Құдайберген де бар. Ол жазба астына жүрек белгісін қалдырып, әріптесіне қолдау көрсетті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер