KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Сәкеннен қайталап отыр»: Қайрат Нұртас концертінің онлайн нұсқасын ақылы етіп қойды

Torgyn Abushakhman

Әнші желідегі парақшасында онлайн концертіне қатысты түсініктеме берді

Танымал әнші Қайрат Нұртас концертінің онлайн нұсқасын көрсету үшін 999 теңгеден «билет» сатып жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz

Әнші желідегі парақшасында онлайн концертіне қатысты түсініктеме берді.

«Бұл жай концерт емес. Бұл – атмосфера! Онлайн форматта, тек сен үшін. Қатысу: 999 тг», - деп жазды Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары әншінің өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиевтен қайталап отырғанын жарыса жазды.

«Сәкеннен қайталап отыр ма?», «Сәкен ағаң дұрыс жол сілтемеді ме, не болды бұл», «Кешеден бергі жаңалык осы ма?», «Осы Қайратқа ақша жетпей жүр ме?», «Сәкен ағамыздан бата алған ғой», «Музыка емес, хайп қуып кетті», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, әнші Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн көрсету үшін 1380 теңгеге «билет» сатқанын хабарланған болатын.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары