Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Сәкен Майғазиевтің үйіне "ұрылар түсті" деген видео жұртты алаңдатты

Әнші Сәкен Майғазиевтің үйіне "ұрылар түсті" деген видео жұртты алаңдатты
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде "әнші Сәкен Майғазиевтің үйіне ұрылар түсті" деген атаумен тараған видео көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған жазбаны Dinara tea парақшасы жариялаған. Кейін белгілі болғандай, бұл ролик шын оқиға емес, жарнама мақсатында түсірілген.

Мәліметке сәйкес, әншінің жары Динара Майғазиева өз өнімін жарнамалау үшін осындай креативті тәсілді таңдаған.

Алайда желі қолданушылары бұл әрекетті біржақты қабылдамады. Көпшілік мұндай жарнаманы орынсыз әрі үрей туғызатын тәсіл деп бағалаған.

Пікір қалдырғандар арасында "Құдай сақтасын", "Осы да жарнама ма?", "Шошып кеттім", "Жамандық шақырмаңдар", "Жақсы сөз – жарым ырыс" деген сыни пікірлер жиі жазылған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер