"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Дубайда істейді": Сәкен Майғазиевтің келіні кім болып жұмыс істейді? (ВИДЕО)

"Дубайда істейді": Сәкен Майғазиевтің келіні кім болып жұмыс істейді? (ВИДЕО)
Stan.kz. Суретте: Сәкен Майғазиев, келіні Әдия, ұлы Әділет

Жеке бренд тақырыбында контент жасайтын Instagram қолданушысы Динара Мырзажанқызы әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның немен айналысатынын анықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Динара Мырзажанқызы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялаған жазбасында жақында ғана Сәкен Майғазиевтің үлкен ұлы Әділеттің үйлену тойы дүркіреп өткенін еске салады. Оның айтуынша, 27 жастағы Әділеттің жары – 20 жастағы Әдия, ол Ақтаудың тумасы, Жаңаөзеннен шыққан.

"Жақында Сәкен Майғазиев дүркіретіп үлкен ұлының тойын жасады, баласын үйлендірді. Баласы Әділет 27 жаста болса, келіні Әдия 20 жаста. Ол Ақтаудың тумасы, Жаңаөзеннің қызы. Енді Әдия кім болып жұмыс жасайды екен? Оның парақшасына кірген кезде эстетиканы, сұлулықты, нәзіктікті, пост салуды жақсы көретінін байқадым. Ал жұмысына келетін болсақ, ол Дубайдан абайка киімдер сатып алып, Қазақстанға келіп сатады", – деп жазды Динара Мырзажанқызы.

Видеоның соңында ол Әдияның жеке және жұмысқа арналған парақшаларына шолу жасап, контент стилі мен визуалдық шешімдеріне талдау жүргізеді. Бұл жазба Динара Мырзажанқызының жеке бренд пен кәсіпті дамытуға арналған контенті аясында жарияланған болуы мүмкін.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер