Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Саясаткердің 90 кг алтын мен 15 миллион доллары "тәркіленді"

Саясаткердің 90 кг алтын мен 15 миллион доллары "тәркіленді"

Ауғанстан парламентінің вице-спикері Мирзо Катавозай Тәжікстанда тәркіленген 90 кг алтын мен 15 миллион долларға қатысы жоғын мәлімдеді.



"Мүмкін емес. Мен кәсіпкер емес, саясаткермін", - деді ауған шенеунігі Озоди радиосының тілшісіне.

Бұл уақытта ауған ақпарат құралдары тәжік билігі тәркілеген контрабандалық тауарға Ауғанстан парламентінің төменгі палатасы спикерінің орынбасары Мохаммад Мирзо Катавозайдың қатысы бары туралы жазды.

27 ақпанда "1" ауған телеарнасы осындай мәліметті дереккөзге сүйене отырып таратқан. Телеарна мәліметіне қарағанда, жақында Катавозай осы мәселені шешу үшін Тәжікстанның Ауғанстандағы елшісімен кездескен.

Тәжік құқық қорғау органдары 2020 жылғы қарашада Душанбе әуежайында контраданбалық тауарды Біріккен Араб Әмірліктеріне өткізбек болған жеті адамды ұстаған.


Автор
Нұрсұлтан