Құрылтай депутаттарын сайлау күні Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде көпшіліктің назарын аударған ерекше жағдай болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода сайлау учаскесіне халат киген қыздың кіріп келгені көрінеді. Оның жанында адамға ұқсас робот жүрген. Кадрдан роботтың қызды сырттай бақылап, жанында бірге қозғалып жүргенін байқауға болады.
Бұл көрініс желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Әзірге видеодағы қыздың кім екені және роботтың қандай мақсатта бірге жүргені туралы нақты ақпарат жоқ.
Айта кетейік, бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елдегі барлық сайлау учаскесі дауыс беруге дайындалған.