«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Саида Мирзиёева қызметінен кетті

Саида Мирзиёева қызметінен кетті

Азияда

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Саида Мирзиёева президент әкімшілігіне өтініш жазған. Ол жұмысына 2019 жылдың сәуір айында кіріскен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар — Sputnik. Саида Мирзиёева Өзбекстанның ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары қызметінен кетті. Ол мемлекеттік емес секторда жұмыс істегісі келетінін жеткізген, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Мирзиёева өзінің бұл шешімі туралы президент әкімшілігі басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында айтқан.

Ол өзінің агенттікте атқарған жұмысы жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарымен бөлісті.

Тағы оқыңыз: "Бір мәселеміз бар еді, оны да Мирзиеев шешіп берді": Өзбекстандағы қазақтардың өмірі

Саида Мирзиёеваның бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы демократиялық реформалары, журналистер мен блогерлерді қорғау, мемлекеттік органдардың БАҚ-пен байланысын нығайту саласындағы еңбегі аталып өтті.

Шавкат Мирзиёевтің қызы бұл қызметті 2019 жылдың сәуір айынан бастап атқарған болатын.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан