"Қалай сенерімді білмеймін": Қаза тапқан полицейдің қарындасы жан тебірентер жазба жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Саясат Нұрбек ғалым Қайрат Қадыржановтың отбасына көңіл айтты

Саясат Нұрбек ғалым Қайрат Қадыржановтың отбасына көңіл айтты
instagram.com/sayasatnurbek

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Қамалұлы Қадыржановтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Министр марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне, сондай-ақ еліміздің ғылыми қауымдастығына қайғыра көңіл білдірді. Ол Қайрат Қадыржановтың Қазақстан ғылымына, әсіресе ядролық технологиялар мен ядролық физика саласына сіңірген еңбегі ерекше екенін атап өтті.

Саясат Нұрбектің сөзінше, Қайрат Қамалұлы ядролық физика және радиациялық материалтану бағытындағы аса беделді ғалымдардың бірі болған. Ол тәуелсіз Қазақстандағы ядролық ғылымның дамуына зор үлес қосып, ұлттық ғылыми мектептің қалыптасуына, білікті кадрлар даярлауға және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға еңбек сіңірді.

Қайрат Қадыржанов ұзақ жылдар бойы Ядролық физика институты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығын басқарды. Оның жетекшілігімен іске асқан бірқатар ғылыми жобалар бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағын қалпына келтіруге, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және радиациялық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталды.

Министр ғалымның Ядролық физика институтының Астанадағы филиалын ашуға да тікелей атсалысқанын айтты. Сондай-ақ оның бастамасымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ядролық физика институты және Дубна қаласындағы Біріккен ядролық зерттеулер институты арасында үшжақты әріптестік орнаған. Осы ынтымақтастық аясында «Ядролық физика» мамандығы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды.

Саясат Нұрбек жақында ғана Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Қайрат Қадыржановқа Мемлекет басшысының атынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілгенін де еске салды.

"Қайрат Қамалұлының жарқын бейнесі, ғылымға адалдығы, парасаты мен елге сіңірген еңбегі халық жадында сақталады. Оның өнегелі жолы кейінгі буын ғалымдарға үлгі болып, есімі Қазақстан ғылымының тарихында мәңгі қалады", – деп жазды министр.

Сөз соңында Саясат Нұрбек марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болуын тілеп, артында қалған туған-туыстары мен жақындарына сабыр тіледі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер