Дислексия дерті мен дауасы: неге"нашар оқитын" балалар саны көбейіп барады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Шай, кофе ішеді, жұмысы жоқ": «Бәйтерек» басшысы Президенттің сынына қалай жауап берді?

"Шай, кофе ішеді, жұмысы жоқ": «Бәйтерек» басшысы Президенттің сынына қалай жауап берді?
Фото: depositphotos.com

«Байтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Президенттің ұлттық компанияларға қатысты сынына жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Президент не деді

10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ұлттық компаниялар мен «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын сынға алды.

Мемлекет басшысы кейбір қызметкерлердің жеткілікті деңгейде жүктелмегенін,икомпанияларда артық басқарушы кадрлардың бар екенін,кей қызметкерлердің жұмыс істеудің орнына «талқылаумен» айналысып, «шай, кофе ішетінін» және ұлттық компаниялар ел экономикасына нақты үлес қосып, тиімділігін арттыруы тиіс екенін айтқан еді.

Президент компаниялардың құрылымын заманауи талаптарға сай қайта қарап, артық басқарушы кадрларды қысқарту қажеттігін айтты.

«Байтерек» басшысының жауабы

Бүгін Үкіметтегі брифингте журналистер Рустам Карагойшинге Мемлекет басшысының осы сөздерін еске салды.

Өз кезегінде ол «Бәйтерек» қызметкерлері үнемі жұмыс үстінде екенін, кей жағдайда қызметкерлердің артық жұмыс істейтінін, қызметкерлердің кофе ішіп, бос әңгіме құрып отырғанын байқамағанын, өзінің де үнемі кеңседе болатынын айтты.

Қарағойшиннің айтуынша, холдингтің нәтижелері оның қызметкерлері белсенді әрі қарқынды жұмыс істейтінін көрсетеді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі