Қызылордадағы жол апаты: баласынан айырылған әйелдің кемі он жері сынған - ол әлі ауыр хәлде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Нұртас сөмке лақтырған көрерменге ескерту жасады ( ВИДЕО)

Қайрат Нұртас сөмке лақтырған көрерменге ескерту жасады ( ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Оқиға әнші өнер көрсетіп жатқан сәтте болған.

Қызылордада концерт берген әнші Қайрат Нұртас сахнаға сөмке лақтырған көрерменнің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz

Көрермендердің бірі залдан сахнаға шағын сөмке лақтырған. Қайрат Нұртас әнін аяқтаған соң сөмкені алып, иесіне қайтарып берді.

Сондай-ақ әнші көрерменге мұндай әрекеттің дұрыс емес екенін ескертіп, сөгіс айтты.

«Үйтіп лақтырма, бауырым, көргенсіздік болады», – деді ол.

Сөмкенің сахнаға қандай мақсатпен лақтырылғаны белгісіз. Әнші көрерменге ескерту жасағаннан кейін концертін жалғастырды.

https://vt.tiktok.com/ZSgUJP8sJ/

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.