Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті прокуратураның үйлестіруімен Сағынтаев пен Досаев әкім болғаннан бергі уақыт аралығында лицензияларды заңсыз алу дерегін анықтады, деп хабарлайды kznews.kz.
Тергеу барысында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізумен айналысқан тұлғалар тобының әрекеті әшкереленді. Олар заңсыз әрекеті үшін сыйақы алып отырған
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдан бері күдіктілер Алматы қаласының «Қалалық қала құрылысы бақылау басқармасы» КММ қызметкерлерімен сөз байласқан. Олар өздеріне тиесілі компаниялар арқылы өндірістік базалардың, арнайы техниканың және білікті инженерлік-техникалық мамандардың бар екені туралы жалған ақпарат ұсынған. Алайда іс жүзінде бұл талаптарға сәйкестік болмаған.
Осылайша, белгіленген біліктілік талаптарын айналып өтіп, 400-ден астам заңды тұлға сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында І санаттағы лицензияларды заңсыз алған. Тінту шаралары барысында заңсыз әрекеттерді дәлелдейтін құжаттар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.
Анықталғандай, мұндай «қызметтер» үшін ұйымдастырушылар 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйақы алып отырған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.