Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сағат тілі ауысқан соң қазақстандықтардың туған күні басқа датаға өзгеріп кеткен

Сағат тілі ауысқан соң қазақстандықтардың туған күні басқа датаға өзгеріп кеткен

Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң көп қазақстандықтардың цифрлы құжатындағы туған күні өзгеріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.


eGov.kz сайтында және қолданбасында, сонымен қатар белгілі банктердің бірінде "Цифрлық құжаттар" бөлімінде қазақстандықтардың туған күні бір күнге артқа шегерілген.

Бұл өзгеріс Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды.

Кейбіреулерде жеке куәлікте, басқаларында жүргізуші куәлігінде немесе төлқұжатында туған күні өзгергені белгілі болды.

eGov.kz-тің мәлімдеуінше, мәселе "Құжаттарды жаңарту" батырмасы арқылы шешіледі. Жаңарту батырмасын бірнеше рет басу қажет. Бұған қоса қолданбаңызды жаңарту ұсынылады.

Сонымен қатар "Kaspi.kz" қолданбасы Цифрлық құжаттар" бөлімінде бүгін 12:30-ға дейін сервис қайта істейтіні туралы ақпарат берген.

Автор
Нұрсұлтан