KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Сабина Алтынбекова әлемдегі ең әдемі қыздардың тізіміне кірді

• KZNEWS

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова "2021 жылдың ең әдемі 100 келбеті" тізіміне енуге ұсынылды.

"Сабина Алтынбекова "The 100 Most Beautiful Faces of 2021" атағына ұсынылды. Құттықтаймыз!" - деп хабарлады TC Candler Instagram-дағы профилінде.

Сабинадан басқа үміткерлер қатарына Эмма Уотсон, Селена Гомес, Галь Гадот, Тейлор Свифт, Марго Робби, Скарлетт Йоханссон және басқалары енген.

Ерлер арасында - қазақстандық әнші Азамат Ашмакин, Криштиану Роналду, Киану Ривз, Дуэйн Джонсон, Дэвид Бекхэм, Зейн Малик, Дэниэль Рэдклифф, Том Круз бар.

TC Candler - ойын-сауық порталы, ол жыл сайын (1990 жылдан бастап) өткен жылдың "100 ең әдемі тұлға" рейтингін жариялайды.

KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →