"АвтоЦОНдағы" жемқорлық: мемлекеттік корпорацияның мұнысы несі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Руслан Өтепбай Нұрай Серікбайдың ісін зерттеуді қолға алды (ВИДЕО)

Руслан Өтепбай Нұрай Серікбайдың ісін зерттеуді қолға алды (ВИДЕО)
Фото: tribune.kz

Ел ішінде үлкен резонанс туғызған шымкенттік Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты істің жай-жапсарын тереңірек зерттеу үшін белгілі журналист Руслан Өтепбай Шымкент қаласына арнайы барды, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист марқұмның туған ағасымен жүздесіп, қасіретті күннің қалай өткенін еске алды. Сондай-ақ оқиға болған жерге барып, бұрын жарияланбаған мәліметтер жинаған.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, бұл қайғылы жағдайды тек бір отбасының трагедиясы деп шектеуге болмайды.

«Шымкенттік Нұрай Серікбайдың қазасы... Бұл — бір отбасының қайғысы, бір ананың жүрегіндегі жазылмас жара мен бір ағаның өмір бойы көтеретін ауыр аманаты емес, бұл — қоғамның қасіреті», — деп жазды ол.

Журналисттің сөзінше, ол Нұрайдың туған ағасымен сұхбаттасқан. Сол әңгіме барысында ағасының әрбір сөзі жанды ауыртқан. Қарындасын еске алғанда оның дауысынан сағыныш пен өкініштің қатар сезілгенін атап өтті.

Ағасының айтуына қарағанда, Нұрай мінезі тұйық, жуас, ешкімге жамандық ойламайтын жан болған. Алайда дәл осы аңғал әрі тыныш болмысы күдіктінің тарапынан теріс пайдаланылып, ол ұзақ уақыт бойы Нұрайды мазалап, артынан қалмаған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.