KZNews.kz
Шоу-бизнес

Роза Рымбаеваға құдағиы сахна төрінде құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Дархан Тоқан
Фото: Бейнежазбадан кескін

Күні кеше жеке ән кешін өткізген Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның құдағиы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялады. Ол мерейлі кешке арнайы қонақ болып келген, деп хабарлайды Kznews.kz.

Желіде видео жүктеген Ақмарал Құбашева Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған концерттің соңында үлкен шоқ гүл алып, құдағиына табыстағанын көрсетті.

"Құдағайымның мерейлі кешінде қонақ болдым. Осылай халықтың қошеметіне бөлене беріңіз", – деп жазды Ақмарал Құбашева.

Айта кетейік, Ақмарал Құбашева – Роза Рымбаеваның құдағиы. Ол әншілік жолын бастаған Ақерке Бүркітбайдың анасы.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →