"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Роза Рымбаева тікелей эфирде концерт береді

Роза Рымбаева тікелей эфирде концерт береді

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Көрермендер тікелей эфир арқылы әртіске сауал қоя алады. Концерт YouTube-та көрсетіледі. Сондай-ақ, Facebook және Instagram парақшаларында да трансляция жасалады

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тікелей эфирде концерт береді. Әншінің кешін 26 наурыз күні сағат 21.00-де YouTube-тан тамашалауға болады.

"Қазақтелеком" мен мәдениет және спорт министрлігі бірлесе "Карантиндегі жұлдыз" жобасын іске қосты. Live режиміне Жұбаныш Жексенұлы мен Жеңіс Сейдоллаұлы шыққан болатын.

Концерт Қазақтелекомның YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі. Көрермен пікір қалдыру арқылы жұлдызға сауал жолдай алады. Сондай-ақ, Facebook және Instagram парақшаларында да трансляция жасалады.

26 наурыз, бейсенбі күні сағат 21.00-де Роза Рымбаеваның концерті болады. Идеяны Димаш Құдайберген, Мейрамбек Бесбаев, Төреғали Төреәлі және өзге де әртістер қолдады. Олардың қай уақытта концерт өткізетіні кейінірек белгілі болады.

Коронавирус індетіне байланысты әлемде жаппай шараларды өткізуге тыйым салынды. Музыканттар онлайн концерт өткізе бастады. Coldplay, One Republic, "Би-2",  Джон Ледженд сынды әртістер өз тыңдарманын тікелей эфирдегі концертімен қуантты.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан