«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Роза Рымбаева немерелі болды

Роза Рымбаева немерелі болды

Халық әртісі Роза Рымбаева немерелі болды. Өнер иесін әріптесі Мақпал Жүнісова желіде құттықтап, халыққа сүйінші жаңалықты мәлім етті, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

"Роза Қуанышқызы, қуанышыңыз құтты болсын! Әже болуыңызбен, бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын", - деп жазды Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында. Айта кетейік, алайда бұл жаңалықты Роза Рымбаева да, ұлы Әли мен келіні Ақерке де әлеуметтік желіде бөліспеген. Бірақ әлеуметтік желіде Роза Қуанышқызы мен Әли Оқаповтың оқырмандары парақшаға пікір қалдырып, жаңа туған нәрестеге "Бауы берік болсын" деп жарыса жазуда.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли Оқапов пен келіні Ақерке Бүркітбай 2020 жылы шаңырақ көтерді.

Автор
Еркебұлан