KZNews.kz
Шоу-бизнес

Роза Рымбаева марқұм жолдасымен түскен естелік суретпен бөлісті (ФОТО)

Айжан Сыланова
Фото: Instagram / rozarymbaeva

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева әлеуметтік желіде өмірлік серігі Тасқын Оқаповпен бірге түскен сирек кадрларын жариялады. Жұлдызды жұптың жастық шағындағы суреттері желі қолданушылары арасында жылы әсер қалдырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әнші бөліскен фотолар олардың өнер жолының бастауында тұрған кездерде түсірілген. Белгілі болғандай, Роза Рымбаева мен Тасқын Оқапов жас әншілерге арналған байқауда танысып, сол кезден бастап шығармашылық әрі өмірлік серіктеске айналған. Ол кезде Тасқын Оқапов болашақ жұбайының ерекше дауысы мен сахналық харизмасын бірден байқап, оны өз ансамбліне шақырған.

«Жан жүрегім елжіреп, сағынғанда. Бір сен едің аңсаған таңым алда», – деп жазды әнші.

Роза Рымбаева жазбасында сол күндерге деген сағынышын жасыра алмай, жүрек тебірентер жолдармен естелігін бөлісті.

Айжан Сыланова
Автордың басқа материалдары