Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Роза Рымбаева Қонаев пен Назарбаев туралы бұрын айтылмаған оқиғаны бөлісті

Роза Рымбаева Қонаев пен Назарбаев туралы бұрын айтылмаған оқиғаны бөлісті
instagram.com/rozarymbaeva. Суретте: Роза Рымбаева

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуге қатысты бұрын көп айтылмаған естелігін бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, бұл оқиғаға биыл 25 жыл толып отыр. Жұбайынан айырылғаннан кейін Рымбаева сахнаға қайта оралып, шығармашылық жолының 25 жылдығына арналған есеп беру концертін өткізуді жоспарлаған. Осы кешке ол Нұрсұлтан Назарбаевты арнайы қонақ ретінде жеке өзі шақырғанын айтты.

"Мен Димаш Ахметұлының да, Колбиннің де билік тұсында шығармашылық жолда жүрдім. Бірақ, ол кісілермен сөйлесіп, бетпе-бет тілдесіп көрген емеспін. Мені тек сахнадан көрді. Тыңдады. Алдарына өнерімді көрсеттім. Олар мені қабылдап, мойындады деп ойлаймын. Егер қабылдамаған болса, концерт бағдарламасында болмайтын едім ғой. 

…Сахнада жүргеніме 25 жылдығымның қарсаңында бір рет Нұрсұлтан Әбішұлының қабылдауында болдым. Осыдан 25 жыл бұрын… Мен ол кезде шақыртумен бардым. Мен сол кезде: "Аға, мен сізді шақырамын. 25 жылдық есеп беру кешімді өткізбекшімін. Келіп арнайы қонақ болыңыз", – дедім. Жолдасым Тасқынның қазасынан кейінгі бірінші концертім болуы керек. Мәдиімді дүниеге әкелген кезім. Ол мені қолдағысы келді деп ойлаймын. Кешіме келді. Кабинетте отырғанда "Роза, саған қандай көмек бере аламын?" деп сұрады. Бірақ, неге екенін бідмеймін, пәтермнің кішкентай екенін, 3 бөлмелі пәтерде 4 баламен, 3 музыкантпен бірге тұрып жатқанымды, музыкамен айналысуға дұрыс жағдайымның жасалмағанын айтуға ұялдым… Пәтер сұрамадым. "Аға, егер, менде проблема болса, тікелей әкімдікке айтамын" дедім. Солай. Ештеңе де сұрамадым. Қабылдағанына алғысымды білдірдім. Маған үлкен раушан гүл шоқтарын сыйлады. Қасында кішкентай кәдесыйы болды. Естелік болып, үйімде тұр. Кейін концертіме келді. Алдыңғы қатарда отырып, ән тыңдады", – деді Роза Рымбаева.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер