"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Росдепутат Украина үлгісімен, Қазақстанды "денацификациялауға" және "демилитаризациялауға" шақырды

Росдепутат Украина үлгісімен, Қазақстанды "денацификациялауға" және "демилитаризациялауға" шақырды

Мәскеу қалалық Думасында отырған Ресей Федерациясы коммунистік партиясынан (КПРФ) депутат Сергей Савостьянов Қазақстанды Украина үлгісі бойынша "денацификациялауға" және "демилитаризациялауға" шақырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау Украина, Ресей және бүкіл Еуропа халықтарына тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің толық процесі үшін Украинадан басқа денацификация және демилитаризация аймағына Балтық жағалауын (Литва, Латвия, Эстония, Польша, Молдова және Қазақстанды қосқан дұрыс деп санаймын", - делінген Савостьяновтың қолы қойылған құжатта.

Құжатты әлеуметтік желідегі парақшасында федералды бюроның мүшесі - "Яблоко" Ресей партиясының Мәскеу филиалы басшысының орынбасары Кирилл Гончаров жариялады.

"Ұят", - деп Гончаровтың өзі Савостьяновтың идеясына түсінік берді.

Автор
Еркебұлан