Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейлік кәсіпкерлер 39 млрд доллар жоғалтқан

Ресейлік кәсіпкерлер 39 млрд доллар жоғалтқан

Bloombergтың мәліметінше Украинаға жасалған шабуылдың бірінші күнінде ресейлік кәсіпкерлер 39 млрд доллар жоғалтқан.

"РИА Новости" басылымының мәліметінше, Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропалық одақтың Ресейге қарсы санкцияларының екінші пакеті ресейлік банк нарығының 70 пайызына және негізгі мемлекеттік компанияларға, соның ішінде қорғаныс секторына әсер ететінін айтты. "Бүгін бекітілген жаппай мақсатты санкциялар пакеті ЕО бірлігін көрсетеді. Бұл пакетке ресейлік банк нарығының 70 пайызына және негізгі мемлекеттік компанияларға, соның ішінде қорғанысқа бағытталған қаржылық санкциялар кіреді", - деді ЕО басшысы.

Сондай-ақ, ЕО ресейлік авиакомпанияларға ұшақтарды сатуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. "Бұл Ресей экономикасының негізгі секторының және елдің байланыс саласындағы мүмкіндіктердің құлдырауына әкеледі. Қазіргі ресейлік коммерциялық әуе флотының төрттен үш бөлігі Еуропалық Одақта, АҚШ-та және Канадада салынды. Сондықтан ол бұған қатты тәуелді", - деп түсіндірді фон дер Ляйен. Сонымен қатар, спикер энергетика саласындағы жаңа санкциялар Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды "мүмкін емес ететіндігін" деп атап өтті.

Автор
Еркебұлан