Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде коронавирус жұқтырған алғашқы екі адам анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Ресейде коронавирус жұқтырған алғашқы екі адам анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Ресейде ең алғаш коронавирус жұқтырған екі азамат анықталды. Олардың бірі Забайкал өлкесінде тұратын азамат болса, екіншісі Түмен облысында анықталған. Бұл жайында Ресей вице-премьер Татьяна Голикова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вирусты жұқтырғандар - Қытай азаматтары. Екі пациенттің жағдайы тұрақты. Сондай-ақ, Голикова Ухань мен Хубэйден ресейліктерді эвакуациялау басталғанын хабарлады.

Кейіннен Роспотребнадзордың басшысы Анна Попова науқастардың қалай анықталғанын айтты.

"Мониторинг Қытай Халық Республикасының екі азаматына вирус жұққанын анықтауға мүмкіндік берді. Олардың біреуі ҚХР аумағында 28 желтоқсаннан 26 қаңтарға дейін болып Ресейге қайта оралған. Ал екінші азамат дәл осындай кезеңде шамамен 28 қаңтарда келген", - деді Анна Попова.

Белгілі болғандай Қытай жерінде тараған коронавирус әлемнің өзгеде 20 елінде анықталған еді. Өз кезегінде Ресей сақтық шараларын күшейтіп, өз азаматтарын Қытай жерінен эвакуациялап, әуе рейсін тоқтатып жатыр.


stan.kz
Автор
Әлихан