«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде бес адам ыстық суға күйіп көз жұмды

Ресейде бес адам ыстық суға күйіп көз жұмды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Пермь қаласында отель қонақтары қайнаған суға күйіп қаза болды. Барлығы бес адам тіл тартпай кетті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Пермь қаласының отелінде ыстық суға толы құбыр жарылып, салдарынан бес адам күйіп қалып, қаза тапты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, қайнаған суға толы құбырдың жарылу салдарынан төрт адам көз жұмды", - деп хабарлады РИА Новости басылымына Пермь өлкесінің өңірлік қауіпсіздік министрлігі. Кейін медицина қызметкерлері қайтыс болғандар саны бес адам деп нақтылады.

Денсаулық сақтау министрінің дерегінше, құбыр жарылуынан үш адам зардап шекті.

"Үш адам зиян шегіп, ауруханаға жатқызылды. Бес адам қаза болды. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шақыру түскеннен кейін 10 минут өткен соң жетті", - деп хабарлады Пермь өлкесінің денсаулық сақтау министрі Оксана Мелехова.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға жекеменшік отельде болған. Қайнаған су жертөле қабатында орналасқан бөлмелерге кіріп кеткен. Салдарынан қонақүйдегі адамдар күйіп қалған.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан