Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде 12 башпайы бар сәби дүниеге келді

Ресейде 12 башпайы бар сәби дүниеге келді

Ресейде аяғында 12 башпайы бар нәресте өмірге келді. Бұл туралы ресейлік Перинаталдық орталықтың желідегі парақшасына сілтеме жасаған Kznews.kz хабарлайды.

Бұл ерекше жағдай өткен жылы Уфа қаласындағы Республикалық перинаталдық орталықта болған. Орталық өкілдерінің мәлімдеуінше, ерекше бала 4 кг болып туылған, анасы бірден дәрігерлерге: "Саусағын санаңыздар, көп болуы керек" деген. Расымен баланың аяғында 12 саусақ болған. Анасы етжеңді болғандықтан, бала бойындағы ерекшелікті УЗД аппаратынан көру мүмкін болмаған. Бұл бала отбасындағы үшінші ұл болып өмірге келген. Ол да алдындағы екі ағасы сияқты кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Бұған қоса отбасындағы барлық балаларда туа біткен полидактилия болған, яғни әр аяғында қосымша саусақтан бар, бұл ерекшелік балаларға анасынан берілген. Екі үлкен баласына анасы бір жасқа толғанда Санкт-Петербургте ота жасатқан екен.

Дәрігерлер қазір ол балалардың басқа балалардан еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. Бұл балаға да көп ұзамай ота жасалмақ.

Автор
Нұрсұлтан