"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ресей коронавирусты жоғары дәлдікпен анықтайтын тест жасап шығарды

Ресей коронавирусты жоғары дәлдікпен анықтайтын тест жасап шығарды

Тесттің жаңа түрін эпидемиология бойынша ғылыми-зерттеу институтының мамандары жасап шығарған, ол барлық еуропалық талапқа сәйкес келеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Ресейдің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы федералды қызметі коронавирусты жоғары дәлдікпен анықтайтын тест жасалғанын жариялады, деп хабарлады РИА Новости.

Ресми мәліметке сәйкес, тесттің жаңа түрін эпидемиология бойынша ғылыми-зерттеу институтының мамандары жасап шығарды. Ол барлық еуропалық талаптарға сәйкес келеді. Оның көмегімен SARS-Cov тұқымдас вирустарды (SARS-CoV және SARS-CoV-2) ғана емес, Таяу Шығыс респираторлық синдром сияқты ауру белгілеріне ұқсас MERS-Cov вирусын да анықтауға болады.

"Диагностикалық жинақ клиникалық сынақтан сәтті өтті. 25 наурызда Ресей Федерациясында қолдану үшін тіркелді. Медициналық өнімнің тіркеу куәлігі № РЗН 2014/1987)", — делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, 11 наурызда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың таралуын пандемия деп жариялаған болатын. Ұйымның мәліметі бойынша бүгінде осы індетті жұқтырғандардың жалпы саны 690 мың адамнан асты. 33 мың адам қайтыс болды.

Ал Джон Хопкинс университетінің есебіне сәйкес, COVID-19 инфекциясына шалдыққандардың саны 800 мың адамнан асып жығылады. 37 мыңнан астамы көз жұмды.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан