"Бір жалақыға өмір сүргір..." : басшы мен жұмысшының табыс айырмасы 6 еседен асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Реновация»: Маңғыстаудың төрт елді мекенінде жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды

«Реновация»: Маңғыстаудың төрт елді мекенінде жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында «Реновация» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Жоба аясында 1012 пәтерді пайдалануға беріп, апатты және тозығы жеткен баспаналар мәселесін кезең-кезеңімен шешу көзделген.

14 қазанда Жаңаөзен қаласында, Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында және Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қарақия ауданында өткен салтанатты іс-шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Рәсім барысында құрылыс алаңына арнайы капсула салынып, жаңа баспаналардың іргетасы қаланды.

Қазір Маңғыстау облысында 64 тұрғын үй апатты деп танылған. Бұл үйлерде барлығы 1061 пәтер бар. Мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 54-ке жуық тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Осы жоба бойынша 1012 пәтер пайдалануға берілмек.

Салтанатты жиында Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан ойына тоқталды. Президент баспананың қолжетімді болуы халықтың тұрмыс сапасының жақсарғанын білдіретін негізгі көрсеткіштердің бірі екенін атап өткен. Облыс әкімі әр отбасының қауіпсіз әрі жайлы үйде тұруға лайық екенін айтып, жауапты басшылар мен мердігерлерге құрылыс сапасына ерекше мән беруді тапсырды.

«Әр нысанның құрылыс барысы бақылауда болады. Құрылыс уақытында аяқталып, тұрғындарымыз жаңа баспаналарына қуанышпен қоныстансын», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Іс-шарада Мұнайшы ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғали Жақсылықов та сөз сөйлеп, жаңа үйлердің салынуы ауыл тұрғындары үшін маңызды екенін жеткізді. Құрылыстың басталуын көптен күткен тұрғындар бастамаға ризашылықтарын білдірді. Реновация жобасы өңірдегі тұрғын үй қорын жаңартып, апатты баспаналарда тұрып жатқан азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.