Отандық шоу-бизнесте Диная лақап атымен өнер көрсететін әнші соққыға жығылмағанын айтты. Бұған дейін желіге бет-аузы көгерген суретін жүктеген ол оқырмандарын қатты алаңдатып қойған болатын. Көпшілік аруды Ренат Гайсин ұрып тастады деп болжаған деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеем жасаған NUR.KZ.
Маған ол оқиға ауыр тиді. Қайғырдым, өзімді ұсқынсыз сезіндім. Елдің көзіне қалай шығам, қалай ән айтам деп ойладым. Кімге керекпін деп ойладым" , - деді Диная.
Анықталғандай, әншіні ешкім соққыға жықпаған болып шықты.
"Кажетсіз уақытта қажетсіз жерден табылдым. Маған бір нәрсе ұшып келді. Ол адам заттың маған тиерін білмеді. Себепкер жан тіпті мені танымайды да" , - әнші.
Дереккөз: kaz.nur.kz