Бүйірі тоқ бюджет: түсім артып, қысым көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Референдум: ТМД-дан 100-ге жуық байқаушы келеді

Референдум: ТМД-дан 100-ге жуық байқаушы келеді
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

15 наурызда өтетін референдумды ТМД-дан 100-ге жуық байқаушы қадағалайды. Бұл туралы ТМД Байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі Евгений Козяк айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
    - Қазір ғана Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесуімізді аяқтап, халықаралық байқаушылар ретінде аккредитациямызды алдық. Енді бүгіннен бастап миссиямыз Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдумның өтуін мониторингілеуге ресми түрде кіріскенін мәлімдей аламын. Біз мұнда алғаш рет келіп отырған жоқпыз. Бұл — Қазақстан Республикасына 19 сапарымыз. Жалпы алғанда, бұл 2001 жылдан, яғни Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен ТМД кеңістігінде сайлау науқандарын мониторингілеуді алғаш бастаған уақыттан бергі 133 миссиямыз болмақ. Миссиямыздың құрамында шамамен жүзге жуық халықаралық байқаушы аккредитациядан өтеді деп болжап отырмыз, - деді ол.

Оның айтуынша, миссия құрамын жасақтау жұмысы басталды. Миссия елімізде ұзақмерзімді байқаушы ретінде болады әрі штаб-пәтері Астанада орналасады. Ал референдум өтетін күнге таман қысқа мерзімді байқаушылар келеді.

    - Миссияны ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенко басқарады. Ол референдум күніне жақын уақытта келеді. Оның кандидатурасы бүгін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жарғылық және басқа да органдары жанындағы тұрақты өкілетті өкілдер кеңесінде келісілді, - деді Евгений Козяк.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.