Референдум: Токио мен Сеулде дауыс беру басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Референдум - 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

Референдум - 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, «World Boxing» ұйымының президенті Геннадий Головкин референдумда дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы #453 референдум учаскесіне келіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.

Геннадий Головкин азаматтардың ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, республикалық референдумның мемлекеттің одан әрі дамуы мен нығаюындағы рөліне назар аударды.

Айта кетейік, Өзбекстан астанасындағы Қазақстан елшілігінде орналасқан референдум учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.