"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Геннадий Головкин келесі қарсыласын таңдады

Геннадий Головкин келесі қарсыласын таңдады

Мексикалық боксшы Хайме Мунгияның промоутері (36-0, 29 КО) Фернандо Бельтран Fino Boxing-ке берген сұхбатында өзінің клиенті қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) қазірше кездескісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.

Бельтранның айтуынша, Головкин келесі жекпе-жегін WBA супер орта салмақтағы чемпионы жапон боксшысы Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жоспарлап отыр.

"Головкин жапондық спортшымен жекпе-жек өткізгісі келеді. Ия, ол чемпион, бұл да үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін", — дейді Бельтран.

Еске сала кетейік, Мунгия мен оның командасы 24 сәуірде Головкинсіз жекпе-жек өткізуге шешім қабылдады. Осылайша, енді Геннадийге тағы бір қарсылас іздеу керек болады және ең ықтимал нұсқасның бірі ретінде Риота Муратаның ата аталады.

Автор
Нұрсұлтан