Пермь қаласында стендап-концерттер ұйымдастырушы, "Что? Где? Когда?” интеллектуалдық ойындарының жүргізушісі және "Реальные пацаны" сериалының актері Дмитрий Красильников 45 жасында дүниеден өтті, деп kznews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Стендап Мафия Пермь" тобының ресми парақшасында:
"Біз Диманы өте жарық, мейірімді, ерекше жан ретінде есте сақтаймыз. Ол әрқашан қолдау көрсетіп, күлдіріп, адамдарды бір шаңыраққа жинай алатын. Дима 6 желтоқсанда инсульттен кейін өмірден өтті", – деген хабарлама жарияланды.
Екі күн бұрын оның жұбайы әлеуметтік желіде Красильниковтың инсульттан кейін ауыр халде реанимацияға түскенін жазған еді. Осыған байланысты Пермьдегі барлық жоспарланған стендап-шоулар тоқтатылған.
Дмитрий Красильников Пермьде стендап-концерттер мен "Чёрный КВН" бағдарламаларын ұйымдастырған. Сонымен қатар ол "Что? Где? Когда?" ойындарының жүргізушісі болған.
1980 жылы дүниеге келген актер "Реальные пацаны" сериалында Викидің досы Андрей рөлін сомдап, телевидениедегі "Comedy Баттл" және "Смех Без правил" жобаларына да қатысқан.
