Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Рахат Тұрлыхановтың үйіндегі жанжал немен аяқталғаны белгілі болды

Рахат Тұрлыхановтың үйіндегі жанжал немен аяқталғаны белгілі болды
@nfactorialpodcast

Тоқсаныншы жылдардың жұлдызы, әнші Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға байланысты жазадан құтылды. Алматы қалалық полиция департаменті оның жұбайы талап-арызынан бас тартқанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Полицияның мәліметінше, Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттеліп, қажетті материалдар жиналып, процессуалдық әрекеттер жүргізілген.

«Сонымен қатар арызданушы әйел әрі қарай іс жүргізуге қатысудан бас тартты. Осыған байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылды», – деп хабарлады ведомство.

Полиция отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға байланысты әрбір жағдайда азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Еске салайық, 15 наурыз күні БАҚ-та қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алматы полиция департаменті әншінің жұбайын соққыға жықты деген күдікпен полицияға жеткізілгенін хабарлаған. Ведомствоның айтуынша, тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқан, алайда кейіннен бұл фактіні жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша ғана арыз жазған.

Істі қарау нәтижесінде Рахат Тұрлыхановқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі («Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

16 наурыз күні сот бұл істі қарады. Нәтижесінде іс өндірісі тоқтатылып, материалдар алғашқы арызды ескере отырып қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін прокуратура мен полиция департаментіне жолданды.

Тұрлыханов сот шешіміне шағымдануға тырысқанымен, апелляциялық сот оны өзгеріссіз қалдырды.

Қосымша айта кетейік, 2024 жылдың қаңтар айында Рахат Тұрлыханов жұбайына қол көтергені үшін сот алдында жауап берген. Ол кінәсін мойындаған, ал жұбайы татуласқанын мәлімдеген. Алайда құқық бұзушылықтың қайталануын ескере отырып, сот оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындаған. Кейін жұп видеоүндеу жариялап, жұбайы отбасында бәрі жақсы екенін айтқан. БАҚ бұл бір жыл ішіндегі екінші осындай жағдай екенін хабарлады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі