Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
sputniknews.kz
"Қымбатты отандастар! Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын", - деп мемлекет басшысы құттықтауын бастады.
Тоқаев айтқандай,бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамдағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді. Тағы оқыңыз: Рамазан айында ораза ұстайтын адамға берілетін 5 қасиет "Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр. Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!", - деп президент тілектестік білдірді.