“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев шахмат Олимпиадасында күміс алған қазақ қыздарын құттықтады

Тоқаев шахмат Олимпиадасында күміс алған қазақ қыздарын құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын иеленген Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады.

Мемлекет басшысы қазақстандық шахматшылардың әлемнің үздік командаларының бірі – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, жоғары нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Президент құттықтауында Бибісара Асаубаева бастаған Қазақстан құрамасының турнир барысында бірде-бір кездесуде жеңілмегеніне ерекше назар аударды. Бұл нәтижені шахмат сарапшылары елеулі жетістік ретінде бағалап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шахматшылардың бұған дейінгі олимпиададағы табысын да қайталағанын атап өтті. Ол кезде де ұлттық құрама екінші орынға ие болған.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай нәтиже спортшылардың жоғары шеберлігін, таланты мен еңбекқорлығын көрсетеді.

Президент шахматшы қыздарға алдағы жарыстарда табыс, мықты денсаулық және бақ-береке тіледі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер