KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Рақымшылық берген еді”: Арыс әкімінің ұлының қатысуымен болған іс қайта қаралады

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Астана – Павлодар тасжолында 21 жастағы студент Талғат Емелдің екі аяғынан айырылуына әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қайта тергелетін болды. Бұған дейін тоқтатылған істің күші жойылып, материалдар сотқа дейінгі тергеу кезеңіне қайтарылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда Гүлсім істің қайта қозғалуын түпкілікті жеңіс деп қабылдауға әлі ерте екенін атап өтті. Отбасы жол апатының барлық мән-жайын жан-жақты анықтап, жауапты адамдардың заң алдында жауап беруін талап етуді жалғастырмақ.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2026 жылғы 29 мамырда Астана – Павлодар тасжолында болған. Жол апаты кезінде көлік металл қоршауға соғылып, қоршау көлік салонын тесіп өткен. Салдарынан 21 жастағы Талғат ауыр жарақат алып, дәрігерлер оның екі аяғын ампутациялауға мәжбүр болған.

Апат кезінде көлік тізгінінде Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың ұлы болғаны хабарланған. Оқиғадан кейін полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Алайда 16 қыркүйекте істің рақымшылық актісі негізінде тоқтатылғаны белгілі болды. Енді қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күші жойылып, тергеу қайта жалғасады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →