KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Қызым да екінші рет ажырасты": Мөлдір Әуелбекова өзінен кешірім сұраған оқырманының хатын жариялады

• Айгерім Асылова

Әнші Мөлдір Әуелбекова өзін тілдеп, кешірім сұраған оқырманының хатын жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі кезінде қаралаған оқырманының хатын жариялады. 

"Хат келді: "Мөлдір ханым, сізді "байдан байға тиіп еще бала туып түсінбеймін осыны" - деп, әр фотоңызға пікір жазған кездерім болды. Өмір – бумеранг дегенді енді түсініп тұрмын. Қызым екінші рет ажырасып үш баламен үйімде отыр. Қатты қиналып отырмын. Сізден кешірім сұраймын. Мен бұлай боларын білмей қалдым" деп жазыпты бір ханым”, – деп жазды әнші. 

Алайда өнер иесі оқырманын кешіргенін айтып, халыққа кеңес берді. 

“Ренішім жоқ. Ажырасу – өлім емес! Алла жеңілдігін берсін!Біреудің тағдырына қол сұқпайық! Әрбір жасағанамыз бен айтқанымыз өз өмірімізге келмейінше өмірден өтпейміз. Сақ болайық", – деп жазды ол. 

Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова экс-продюсері Баян Мақсатқызынан кешірім сұрағансәтін есіне алған еді. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →