KZNews.kz
Жаңалықтар

"Қызылорданың қызы": Тұрсынбек Қабатовтың "тоқалы" туралы тың дерек шықты

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі жайлы түрлі ақпарат бөлісіп, қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info.

TikTok-та тараған видеоларда әзілкештің тоқалының жасы мен шыққан жері жайлы пікірлер айтылуда.
Бір қолданушы: «1997 жылғы қыз дейді. Егер ол рас болса, Тұрсынбек 14 жыл бойы көзге шөп салып жүрген бе?» – деп жазған.

Оған жауап берген басқа қолданушылар: «Ол 1994 жылғы. 9-сыныпты бітіріп, Қызылордадан Алматыға би мамандығына оқуға келген. Кейін Тұрсынбектің концерттерінде биші болып жұмыс істеген, сол жерде танысқан», – деп мәлімет қалдырған.

Ал тағы бір деректе оның аты-жөні Айман Талғатқызы, 1993 жылы туған делінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Telegram арналарында да Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалы Қызылорда облысының тумасы екені туралы ақпараттар жарияланған болатын.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары