Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада студент жігіт 15 жастағы қызды бірнеше рет зорлаған

Қызылордада студент жігіт 15 жастағы қызды бірнеше рет зорлаған
Фото: видеодан скриншот

15 жастағы қызылордалық өзін 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлағанын айтты. Жәбірленуші өзіне зәбір көрсеткен адамның қатаң жазаланғанын талап етіп отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Жасөспірім қыз жігітпен жазғы демалыста жұмыс істеп жүргенде танысқан. Содан бастап дос болып араласып, кейін таныстарының үйіне бірге қонаққа барған. Жәбірленуші жігіттің өзін сол жерде зорлағанын айтты.

“Сол бөлмеде құлыптап алып, менің аяқ-қолымды қатты қысып ұстап зорлады. Содан кейін үйге апарып тастады ол. Сол кезде маған “біреуге айтатын болсаң, аямаймын” деді. Сосын қорыққанымнан ешкімге ештеңе айта алмадым. Қорқынышпен әрі қарай жүре бердім”, – дейді қыз.

Студент жігіт бұл азғындық әрекетін бірнеше рет қайталаған. Бұл жағдай туралы қыздың анасы Эльмира Жүсіпбекова білген сәтте, жігіт алдына келіп, қызына сезімі барын, оған үйленгісі келетінін айтқан. Сөйтіп ол қызын сол жігітке тұрмысқа берген. Алайда сол ісіне әлі өкінеді.

“Түнде жататын кезімде “мама түнім ұйқысыз өтеді, қорқатын едім, теуіп тастайтын” дейді. Белінен де, жамбасынан да, ішінен де тепкен. Сол кезде үйінде тұратын бір бала бар екен. Соған “ұр мынаны” депті. Ол бала да шапалақпен ұрған екен. Соның бәрін ішіп істеп отыр мына бала. Одан кейін қолдарын, саусақтарын тілген”, – дейді қыздың анасы.

Полиция болған жағдайдан кейін жігітті қамауға алған.

“Кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр”, – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Эльмира Жүсіпбекова – жеті баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Қыздың өзі қазір колледжде бірінші курста оқиды. Көрген қорлығынан әбден қорқып қалған жәбірленушінің жүйкесі шаршаған дейді анасы. Сондықтан тергеу әділ жүріп, жігіттің қатаң жазаланғанын талап етіп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.