Иран футболшылары АҚШ-қа «168» деген ерекше сыймен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда автобуста егде жастағы әйел студент қызды соққыға жығып, ауруханадан бір-ақ шцғарған

Алматыда автобуста егде жастағы әйел студент қызды соққыға жығып, ауруханадан бір-ақ шцғарған
Фото: ашық дереккөз

Алматыда қоғамдық көлікте болған жанжалдан кейін 17 жастағы студент қыз ауруханаға түсті. Оқиға қала тұрғындары арасында қызу талқыланып, құқық қорғау органдарының назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жәбірленуші Камиланың айтуынша, ол колледжден үйіне қайтып келе жатқанда автобуста анасы мен қызының арасындағы дауға куә болған. Әйел қызына аялдамадан өтіп кеткені үшін ұрысып жатқан кезде, бірнеше жолаушы қызды жақтап араласқан.

Алайда көп ұзамай жағдай ушығып кеткен. Студенттің сөзінше, ашуға булыққан әйел оған шабуыл жасап, бірнеше рет соққы жасаған.

«Ол киімімнен ұстап алып, басымнан бірнеше рет ұрды. Кейін шашымнан тартып, жерге құлатты. Дәрігерлер ми шайқалуын және басымдағы гематоманы анықтады», – дейді бойжеткен.

Камиланың айтуынша, жанжал автобустан түскеннен кейін де жалғасқан. Әйел оның соңынан еріп шығып, аялдамада да агрессия танытқан. Куәгерлер араласып, қызды қорғап қалмаған жағдайда жағдайдың қалай аяқталары белгісіз болған.

Оқиғадан кейін студент шұғыл түрде медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға жатқызылған. Қазір оған қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр.

Жәбірленушінің анасы Ирина Ключникова қызы шабуыл жасаған әйелді видеоға түсірмек болған сәтте жанжал басталғанын айтады. Оның сөзінше, әйел бойжеткенді шашынан сүйреп, ұрып-соғып, қорқыту әрекеттерін жасаған.

Аталған оқиға бойынша Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау және оқиғаның барлық мән-жайын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Полиция мәліметінше, денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі дәлелденген жағдайда күдікті заң алдында жауап береді. Ал жәбірленуші тарап оқиға куәгерлерінен немесе әйелді таныған азаматтардан полицияға ақпарат беруді сұрап отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.